Шведтер шылым шекпейді

Шведтер шылым шекпейді www.theepochtimes.com

Биылғы зерттеу бойынша, Швецияда шылым шегушілердің саны халықтың 5%-ын ғана құраған.


Бұл – рекордтық көрсеткіш. Бірақ жергілікті билік темекінің орнын басатын балама түтінсіз құралдарды тұтынуға, сатуға шектеу қоймаған. Яғни шведтер біраздан бері түтінсіз темекі өнімі – снюсты қолданып келеді.


Ал ДДСҰ дәл осы нәтижеге жеткен (5%-ға) елдерді ғана «темекі түтінінен азат елдер» қатарына қосады. Еуропалық Одақ өзінің барлық мүше мемлекетінің алдына 2040 жылға қарай «темекі түтінінен арылу» міндетін қойып отыр.


ДДСҰ мәліметінше, темекі шегушілердің жартысын темекі өлтіреді. Биылғы дерек бойынша, ең көп темекі тартатын елдер санатында тұрғандар – Науру (тұрғындарының 52,1%-ы шылымқор), Кирибати, Тувалу, Мьянма және Чили. Ал ең аз шегетіндер – Гана, Эфиопия және Нигерия тұрғындары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32