Қазнетте Аида Балаеваның атынан жалған жарнама таралуда

Қазнетте Аида Балаеваның атынан жалған жарнама таралуда Сурет: Stopfake.kz

Әлеуметтік желілерде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның суретімен жалған жарнама таратылуда.


Мәтінде Мемлекет басшысы қазақстандықтарға төлемдер тағайындауды тапсырғаны айтылған. Stopfake.kz сайтында бұл ақпараттың фейк екені айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Жалған жарнаманы таратушылар күмәнді сілтеме бойынша өтуді ұсынады. Қандай сома тағайындалғанын білу үшін адам жеке тұлғаның бірегей нөмірін (ЖСН) енгізуге тиіс. Белгісіз сайттарда жеке деректерді қалдырмаған жөн. Алаяқтар оларды жеке мақсатта пайдаланады.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми cайтында  төлемдер туралы ақпарат болмаған және жоқ.


ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі де барлық жаңалықтарды ресми  порталда жариялайды. Онда да төлемдер туралы ақпарат жоқ.


Мұндай хабарламаға сенбеген жөн. Бұл алаяқтардың ісі. Бұған дейін Желіде ҚР Қаржы министрлігі мен Ұлттық қордың атынан төленетін төлемдер туралы осындай фейк ақпараттар тараған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49

10:44

09:43

09:26

09:18

08:50

08:21

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08