Астана мен Алматы ICCA рейтингінде ТОП-5 туристік қала қатарына енді

Астана мен Алматы ICCA рейтингінде ТОП-5 туристік қала қатарына енді Сурет: Kazakh Tourism ұлттық компаниясының баспасөз қызметі




Қазақстан ТМД елдері арасында іскерлік туризм көшбасшыларының бірі атанды. Екі бірдей халықаралық ұйымның өкілдері елімізге келіп, ішкі туризмнің жай-күйімен танысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Kazakh Tourism ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Еуропа бойынша халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығының (ICCA) өңірлік менеджері Эфи Кудели және IMEX Frankfurt халықаралық көрмесінің өкілі Лиз Бранд бастаған халықаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар мен БАҚ өкілдері Астана және Алматы қалаларына сапармен келді.


Делегация қазақстандық серіктестермен және туристік бизнес өкілдерімен ынтымақтастық және халықаралық іс-шараларды өткізу бойынша кездесу өткізді. Кездесуге қонақ үй өкілдері, іс-шаралар өткізетін алаңдарды басқарушы компаниялардың басшылары мен туроператорлар қатысты.


photo




ICCA талаптарына сәйкес, рейтингіге ену үшін жылына кем дегенде 3 халықаралық деңгейдегі өткізу керек. Сонымен қатар, ұйымдастырылған іс-шараларға жоқ дегенде 50 халықаралық делегация қатысуы міндетті.


Аталған қауымдастықтың статистикасына сәйкес, 2013-2022 жылдар аралығында Қазақстанда тамыз-қазан айы аралығында 50-ден 500-ге дейін делегацияның қатысуымен іс-шара өтті.



«Еуропа бойынша өңірлік менеджер ретінде, бұл – менің алғашқы сапарым. Сапар барысында туристік қоғамдастық өкілдерімен танысып, Орталық Азияда халықаралық іс-шараларды өткізуде көшбасшы қалалардың бірі саналатын Астана мен Алматының іскерлік туристік инфрақұрылымымен танысқаныма қуаныштымын», - дейді Еуропа бойынша халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығының (ICCA) өңірлік менеджері Эфи Кудели.



photo




ICCA-ның өткен жылғы елдер мен қалалар рейтингісінде Қазақстан Грузия мен Әзірбайжаннан кейін үшінші орында орналасқан. Ал, өткізілген халықаралық іс-шаралар саны бойынша өңірдің бес елі арасында үшінші орында тұр (Алматы – үшінші қала, Астана – бесінші).


2019 жылы MICE индустриясы елімізге 1 трлн АҚШ доллар инвестиция әкелді, 10 млн жұмыс орнын құрып, 1,5 млрд-қа жуық турист жинады. Бұл іскерлік туризм әдеттегі жеке туризмге қарағанда 3 есе көп пайда әкелетінін көрсетеді. MICE қолдау бағдарламасын тұрақты қаржыландыру жағдайында Қазақстанның өңірде іскерлік туризмді ілгерілетуде көшбасшы болуға барлық мүмкіндігі бар.


photo




Айта кетейік, MICE индустриясы – әртүрлі корпоративтік және іскерлік іс-шараларды ұйымдастырумен және өткізумен байланысты іскерлік туризм индустриясының саласы.


ICCA (International Congress and Convention Association) – халықаралық конгресстер мен конференциялар қауымдастығы, бұл – халықаралық қауымдастықтардың кездесу индустриясы үшін жаһандық қауымдастық және білім орталығы.





Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49

10:44

09:43

09:26

09:18

08:50

08:21

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08