Аптап ыстық күндері жолға шыққанда қандай ережелерді қаперде ұстау керек?

Аптап ыстық күндері жолға шыққанда қандай ережелерді қаперде ұстау керек? Сурет: Hyperauto.ru

ІІМ ыстық күндері жолға шығар алдында қажет болатын кеңестермен бөлісті, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz.


Апталық онлайн-брифингі барысында ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек Ішкі істер министрлігі ыстық күндері көлікпен жолға шыққандарға мына ережелерді ұстануға шақырды:


- алыс қашықтықтағы сапарға таңертең немесе кешке ыстық басылған кезде шығу;


- медициналық көмек қобдишасы мен суды жүк салғышқа емес, өзіңе жақын жерде ұстау;


- қатты ыстық кезеңде көктайғақта қозғалғандай ақырын, сақ жүріңіз. Себебі жоғары температура жағдайында асфальт өзінің қасиеттерін жоғалтады және тайғақ болады;


- салқындату жүйесін үнемі бақылап, қозғалтқыштың салқындату жүйесіне күш түсірмеу;


- бакты толық толтырмаңыз. Өйткені, жоғары температурада дизель отыны мен бензиннің көлемі ұлғаяды, белсенді булану жүреді. Сонықтан мұндай жағдайларда өрт шығуы мүмкін. Осыған байланысты сапар алдында жарамды өрт сөндіргіштің бар-жоғын тексеру қажет;


- жүрек-қан тамырлары және созылмалы аурулары бар жүргізушілер осындай уақытта жолға шықпағаны жөн;


- жағдайыңыз күрт нашарласа, көлікті дереу тоқтатып, басқа жүргізушілердің назарын аударыңыз немесе жедел жәрдем шақырыңыз, құтқару қызметіне, полицияға қоңырау шалыңыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11