Апаттық учаске гипс жалғастырғышпен оқшауланбақ

Апаттық учаске гипс жалғастырғышпен оқшауланбақ Сурет: ашық дереккөз

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 22 тамыз сағат 8:00-дегі жағдай бойынша, төтенше жағдайдағы өрттің қарқыны төмендемеді, жағдайдың жақсаруы байқалмайды.



Осыған байланысты апаттық учаскені гипс жалғастырғышпен оқшаулау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Қазір өрт ауыздықталып жатыр.


«Осыған байланысты шахтадағы апатты жою жөніндегі штаб басшылығы апаттық учаскені гипс жалғастырғыш орнатып, оқшаулау туралы шешім қабылдады. Оларды орнататын орындар анықталып, материалдар жеткізілу басталды. Содан кейін барлық күш-жігерді төтенше жағдай учаскесін оқшаулауға бағыттау жоспарланып отыр», деп жазылған Төтенша жағдайлар министрлігінің хабарламасында. 

Қайғылы жағдайдың себебін анықтауы тиіс арнайы комиссия әлі жұмысқа кірісе алмай отыр. "Қазақстан" шахтасында 5 күннен бері өрт әлі жалғасып жатыр. Соған байланысты температура жоғары және көзге түк көрінбейді.

17 тамызда Қарағанды ​​облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Қазақстан» шахтасында өрт шықты: конвейер лентасы өртенді. Жер бетіне 222 кенші шығарылды. Тағы бес кенші жер астында қалды: түк көрінбегендіктен оларды шығару мүмкін болмады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:49

10:44

10:39

09:43

09:26

09:18

08:50

08:21

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35