Алматыда жүргізуші жол жөндеушіге қол жұмсаған

Алматыда жүргізуші жол жөндеушіге қол жұмсаған Сурет: скриншот

Істі полицейлер анықтап жатыр.


Жігіттің жол жөндеу жұмысшысын қылқындырып жатқан сәтінің видеосы желіде тарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Видео Instagram желісіндегі dorogi_almaty_official парақшасында жарияланған.


Видеода қара футболка киген жігіттің жұмысшыны жерге жығып, қылқындырып жатқаны көрінеді. Қасынан өтіп бара жатқан куәгерлердің айғайынан кейін жас жігіт жұмысшыны босатты. Зардап шегуші орнынан тұрып, жолдың бір бөлігін жабатын қоршауды орнатпақ болған. Ал наразы болған жүргізуші ұрысып, көлікке отырып, орнатылған қоршауды бұзып, оқиға орнынан кетіп қалған.


Әлеуметтік желідегі жазба авторларының айтуынша, оқиға Гагарин мен Есқараев көшелерінің қиылысында болған.


Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Қазір Бостандық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері видеодағы оқиғаның мән-жайын анықтауда.



"Зардап шеккен жұмысшы анықталды. Құқық бұзушының жеке басы анықталып жатыр. Оның әрекетіне құқықтық баға беріледі", - делінген ведомство хабарламасында.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32