Алматыда Балалар үйін маскүнемдер мекендеп алған

Алматыда Балалар үйін маскүнемдер мекендеп алған Сурет: 24.kz

№1 балалар үйі тәрбиеленушілері азайғандықтан жабылып, орнына Отбасын және балалықты қорғау орталығы ашылған еді.


Алматыдағы Орбита шағын ауданында қараусыз қалған бұрынғы Балалар үйі маскүнемдердің мекеніне айналған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қазір бұл ғимараттың сау тамтығы қалмапты. Негізгі мәселе бұл емес. Жергілікті тұрғындардың алаңдап отырғаны балаларының қауіпсіздігі. Өйткені кешқұрым уақытта мұнда маскүнемдер, нашақорлар жиналатын көрінеді. Сондықтан жазғы демалыс кезінде балаларымыз бір нәрсеге арандап қала ма деп ата-аналар уайымдап отыр.


№1 балалар үйі бірнеше жыл бұрын тәрбиеленушілері азайғандықтан жабылып, орнына Отбасын және балалықты қорғау орталығы ашылған еді. Көп ұзамай ол да жұмысын тоқтатты. Содан бері мекеме бос тұр.


Аумағы шамамен 20 мың шаршы метрді алып жатқан бұл ғимараттың қаңырап бос тұрғанына да 3 жылдай уақыт болыпты.  Алматыда  балабақша мен мектеп жетіспейді. Орбита секілді ықшам аудандарда тіпті құрылыс жұмыстарын жүргізетін  бос орын  жоқ. Ал дайын тұрған ғимараттың не үшін қараусыз қалғанын тұрғындар түсіне алмай әлек.



«Ғимарат Алматы қаласы құрылыс басқармасының балансында. Және де Алматы қаласының құрылыс басқармасы 2021 жылы  желтоқсан айында жобалық-сметалық құжаттама дайындау жұмысы басталды. Бүгінгі күнде оң шешім экспертизасы алынды. Және де жақын арада бюджеттік ұсыныс қалалық мәслихатқа беріледі. Ақша бөлінген жағдайда конкурстық рәсімдер жүреді», - дейді Алматы қаласы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Айдар Нұрғожаев.



Әкімдік өкілінің айтуынша бұл жерде 480 орындық балабақша болады. Конкурстық рәсімдер аяқталса қыркүйек айында құрылыс басталып, келесі жылдың соңында аяқталады деп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14