Қапшағайда суға батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды

Қапшағайда суға батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды Сурет: Sputnik.kz

Ол жағадан 200 метр қашықтыққа жүзіп кеткен.


Оқиға орнына Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу жіберілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматы облысы ТЖД Қапшағай су қоймасында жасөспірімнің құтқарылғанын мәлімдеді.



«2023 жылғы 9 маусымда сағат 18:20-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне 2009 жылы туған қыз Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасының қалалық жағажайында суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу жіберілді. Шомылу кезінде жағадан 200 метр қашықтыққа жүзіп кеткен және құрлыққа өз бетінше орала алмаған қыз құтқарушылар оны ата-анасы күткен жағаға жеткізді. Қызға медициналық көмек қажет болмады», – деп жазылған хабарламада.



Алматы облысы ТЖД азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09