Алматы қаласында жартылай марафон өтіп жатыр

Алматы қаласында жартылай марафон өтіп жатыр сурет:Қайрат Қонысбай

Бұл спорттық шараға барлығы 7660 адам тіркелген.


Алматы қаласында жартылай марафоны өтіп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Алғашқы күн шуақтарымен Алматыда қалалық жартылай марафон басталды. Марафоншылардың жарысқа қатысушы үшін Тұңғыш Президент саябағына жиналды. Төрешілердің ескертулерін тыңдап, жылдам жаттығу жасағаннан кейін жартылай марафонға қатысушылар жүгіруді бастап кетті. Бірінші марафоншылар легінде 10 км қашықтық және скандинавиялық жүру бойынша 4 мыңнан астам жолға шықты. Олар старт сызығын таңғы 7:30-да кесіп өтті. Одан кейін сағат 08:10-да жартылай марафонның басты дистанциясы – 21 км қашықтыққа жүгіру басталды.



Бұл спорттық шараға барлығы 7660 адам тіркелген. Олардың қатарында кәсіпқой спортшылар мен қарапайым қала тұрғындары да бар. Сондай-ақ арнайы осы марафон үшін әлемнің 29 елінен және Қазақстанның 17 өңірінен туристер мен отандастырымыз келген.



Айта кеткен жөн, жартылай марафонға қатысушыларды жол бойы велосипедпен жүрген кәсіби төрешілер бақылайтын болады. Олар адамдардың жолдан шығып кетпеуін, жарыс ережелерінің бұзылмауын қадағалайды. Сондай-ақ барлық адамдармен бірге жарыс жолына арнайы Pacemaker-лер де шыққан. Туын ұстаған спортшылар өзге адамдарға үлгі болып, жалпы жүгіріс ритмін құрап отырады. Сонымен қатар жарыс дистанциясының бойында марафоншыларды қолдап, оларға ас пен су ұсынатын волонтерлер бар.



Жартылай марафон мәресі Алматының Орталық стадионда орналасқан. Мәреге алғашқы болып жеткен жүгірушілер сағат 12:00-де марапатталады. Сондай-ақ қаланың бас стадионында черлидерлер командалары мен музыкалық топтардың қатысуымен үлкен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылған.


Ескерте кетейік, іс-шараның өткізілуіне байланысты 23 сәуірде сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін қашықтықтан өту орындарындағы жолдарда қозғалыс ішінара жабылды.


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14