Шымкенттік дәрігерлер қатты күйік шалған 10 жасар балаға 19 операция жасады

Шымкенттік дәрігерлер қатты күйік шалған 10 жасар балаға 19 операция жасады

Бала шамамен 3 ай жансақтау бөлімшесінде болған.


Шымкентте қатты күйіктен 19 операция жасатқан 10 жасар баланың жағдайы жақсарып келеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алты айдан бері ауруханада жатқан бала теміржол төсенішінде ойнап жүріп, электр тогынан қатты күйік алған.


Оқиға 2022 жылғы 9 қарашада Шымкент қаласындағы теміржол вокзалының жанында болған еді. Бүгінгі таңда дәрігерлер ауыр жағдайда жеткізілген пациентке 13 рет теріні ауыстыру операциясын және 6 некрэктомия жасады.


Денесі толық күйіп қалған бала шамамен 3 ай қалалық балалар клиникалық ауруханасының реанимация бөлімшесінде болды және палатаға ауыстырылды.
Шымкент қаласындағы балалар клиникалық ауруханасының комбустиолог дәрігері бұл жағдай туралы былай деді:



«Пациент ауруханаға 2022 жылғы 9 қарашада өте ауыр жағдайда түсті. Күйік мөлшері үлкен, 65 пайыз болды. Біздің ауруханада күйікпен емделіп жатыр, қазір жағдайы жақсарды», - дейді ол.


«Ауруханадағы білікті дәрігерлер баланың сауығып кетуі және оң нәтижелерге қол жеткізуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды», -делінген хабарламада.


 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09