Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұшақ ішіндегілердің бәрі қаза тапты: халық тығыз қоныстанған аймаққа ұшақ құлады (ВИДЕО)

20:21, 23 шілде 2025 1764

Бүгін, 23 шілдеде Италиядағы Фенили Беласи ауылына жақын маңдағы жолаушылар көп жүретін автотрассаға жеңіл моторлы ұшақ құлап түсті, деп жазады Alash.kz.

Brescia Today басылымының мәліметінше, апат кезінде ұшақ бортында 75 жастағы ер адам мен 60 жастағы әйел болған. Екеуі де оқиға орнында көз жұмды. Марқұмдардың денесі өртеніп кеткен ұшақ фюзеляжының ішінен табылған.

Апат салдарынан жеңіл автокөлік пен жүк көлігіне де зақым келген. Дегенмен, бұл көліктердегі адамдар ауыр жарақат алмаған.

Ұшақтың не себептен құлағаны әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар