Белгілі заңгер Мейірман Шекеев Instagram-дағы ресми парақшасында туған күніне арналған ерекше видеоны бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.
Видео мазмұнына қарағанда, туған күніне орай заңгерге Оңтүстік Кореядан сыйлық келген. Дана есімді қарындасының ұлы Мейірман Шекеевке MacBook құрылғысын тарту етіп, арнайы жеткізу қызметі арқылы жолдаған. Адвокат бұл тосын сыйға ерекше қуанып, қуанышымен көпшілікпен бөлісті.
Мейірман өз жазбасында туған күнінде құттықтап жатқан барша жандарға алғысын білдіріп, олардың жылы лебіздері мен көңіл бөлуі жүрегін толқытқанын атап өтті.
"Құттықтап жатқан барлық жандарға үлкен алғыс! Көңіл бөліп, жылы сөздер айтып, шын жүректен тілектер жолдап жатқандарыңыз – жүрегіме қуаныш сыйлауда. Сіздердің әрбір хабарламаңыз, қоңырауыңыз бен тілегіңіз мен үшін өте қымбат. Бүгін өзімді ерекше сезініп жатырмын – бұл сіздердің арқаларыңыз! Осындай мейірімді, шынайы жандармен қоршалғаныма шүкір. Баршаңызға тек жақсылық тілеймін!" – деп жазды ол.