Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші! Асхат Аймағамбетов бар қазақты қуантатын жаңалығын бөлісті

18:46, 31 шілде 2025 1416
Қазақстандық оқушылар географиядан Халықаралық олимпиадада тарихи жетістікке қол жеткізді. Таиландта өткен Халықаралық география олимпиадасында (IGeO) еліміздің намысын қорғаған 4 оқушының барлығы жүлделі орыннан көрінді. Қуанышты жаңалықты Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов желідегі парақшасында сүйіншіледі, деп жазады Alash.KZ.

 
“Қостанайдағы NIS оқушысы Андрей Енбахтов пен Қарағандыдағы NIS оқушысы Талғат Байбусунов – алтын медаль иегерлері!
 
Талдықорғандағы NIS оқушысы Ақжол Болат пен Ақтөбедегі NIS оқушысы Алихан Калмағамбетов – күміс медаль иегерлері!

Бұл – әлемнің 47 елінен келген 200-ге жуық үміткер қатысқан беделді жарыс.
 
Бұл жеңістің артында тәлім мен тәрбие берген ұстаздардың, сондай-ақ шабыт пен бағыт сыйлаған тәлімгерлердің де еңбегі зор.
 
Барша жеңімпаздарды, олардың ата-аналарын, ұстаздарын және бүкіл қазақстандықтарды осы қуанышпен шын жүректен құттықтаймын!",- деп сүйінші сұрады Асхат Аймағамбетов.
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар