Сара Назарбаева Президент істері басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде (бұрынғы атауы – Совминка) емделуін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.
5 мамырда бұрынғы Қазақстанның бірінші ханымы Сара Назарбаева ауруханаға түскен. Tengrinews.kz сауалына жіберген госпитальдің ресми жауабында пациенттің жоспарлы емдеу курсынан өтіп жатқаны, барлық медициналық шаралар бекітілген стандарттарға сай және білікті мамандардың бақылауында жүргізіліп жатқаны айтылған. Алайда Сара Назарбаеваның нақты диагнозы мен денсаулық жағдайы жарияланбады. Аурухана өкілдері мұны дәрігерлік құпия мен медициналық этика нормаларымен түсіндірді.