Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 14-қабатынан секіріп, қаза болған студенттің ісі туралы жаңа дәлелдер шықты, деп хабарлайды Alash.kz.
Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2-курс студенті өз-өзіне қол салардан бұрын хат қалдырып кеткен.
“Соңғы жазбасында мұндай қадамға баруына отбасылық жағдай себеп болғанын баяндаған” дейді тәртіп сақшылары.
Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:
“Аталмыш дерек бойынша Бостандық аудандық ПБ ҚК 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, болған оқиғаның толық мән-жайлары анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша 2-курс студенті әкімшілік ғимараттың 14 қабатынан секіріп түсіп, өкінішке қарай оқиға болған жерде жантәсілім етті.”