Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Мұрны мен құлағын бұрынғы күйеуі кесіп тастаған”: Сұмдық жағдайға қатысты тың дерек шықты (ФОТО)

14:41, 30 шілде 2025 1093

Бұрынғы күйеуі мұрны мен құлақтарын кесіп тастаған Әсел Ногойбаева есімді қырғыз әйелге күрделі операция жасалды, деп хабарлайды Alash.kz.

2023 жылдың 20 қыркүйегінде Әсел Ногойбаеваның үйіне оның бұрынғы күйеуі Азамат Эстебесов келген. Ол кеңсе пышағымен әйелінің құлағы мен мұрнын кесіп тастаған. Әсел осы оқиғадан кейін бірнеше операция жасатқан.

"Бүгін менің қуаныштан көзіме жас келді. Дәрігерлер Қырғызстаннан сырға ала келуді сұраған, бірақ мен алмай келдім. Себебі сырға таға алмаймын, құлағымды шашпен жауып жүретін шығармын деп ойладым. Бірақ құлағым күткеннен де жақсы болып шықты", – деп жазды Әсел Ногойбаева.

Оған дейін Ногойбаева күйеуіне зорлады деп арыз жазған болатын. Алайда Сокулук аудандық соты Эстебесовті пробация шартында босатқан. Кейін үкім өзгертіліп, күйеуі бұл қылмысы үшін 8 жылға сотталған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар