Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ажырастыру үшін шақырдыңдар ма?": Тоқтар Серіков бұрынғы махаббаты жайлы бар шындықты айтты (ВИДЕО)

18:38, 30 шілде 2025 1106

Танымал әнші Тоқтар Серіковтің мектептегі алғашқы махаббаты жайлы бейнежазба әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Әншіге арнаған жүрекжарды хаттарын көпшілік алдында оқыған Айгүл Көбекова есімді қыз Қызылорда өңірінен шыққан, деп жазады Alash.kz.

Azattyq Rýhy жазғандай, "Бенефис шоу" бағдарламасына Тоқтар Серіков пен жары Бейбіт Сейдуалиева шақырылған. Бағдарлама барысында Тоқтардың бұрынғы сыныптасы Айгүл Көбекова тосыннан қатысып, олардың арасында болған балалық махаббат жайлы сыр шертті.

"Тоқтар екеуміз 1990 жылы Алматы қаласындағы республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын №2 мектеп-интернатқа бірге келгенбіз. Ол "Б" сыныбында оқыса, мен "А" сыныбында оқып, интернаттың нанын бөлісіп жеп, өстік. Тоқтар екеуміздің махаббатымыз сол жерден басталды. Республикалық олимпиадаларға бірге баратынбыз. Біздің махаббатымызды бүкіл мектеп, мұғалімдер білетін. Тоқтардың толассыз хаттары, толассыз әндерін сыныптастарымыз маған арналған деп ойлайтын", – деп еске алды Айгүл Көбекова.

Бағдарламада ол Серіковтің өзі жазған өлең шумағын да оқып берді. Бұл сәтте әнші жүргізушілерге қарап, жары Бейбітке сәл ыңғайсыз күйде күліп, "бізді ажырастыру үшін шақырдыңдар ма" деп әзілмен жауап қайырды.

Кейін Тоқтар Серіков өзі де балалық шаққа оралып, алғашқы сезім туралы аз-кем бөлісті.

"Бұл Айгүл Көбекова деген Қызылорданың қызы. Айтыскер болатын. Айтарлықтай қол ұстасып, ұзақ жүрген жоқпыз. Бірақ хат жазғаным рас, оның мінезі тік еді, содан екеуміз жараспадық. Кейін күйеуге тиді", – деді әнші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар