Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов мерзімінен бұрын бостандыққа шығады

12:15, 30 шілде 2025 357

Степногор қалалық сотында Қуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжановтың рақымшылыққа ілігуіне байланысты жаза мерзімін қысқарту жөніндегі өтініші қаралды, деп Alash.kz ұлттық порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Байжанов сот отырысын бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуынсыз өткізуді қалағанымен, судья Ақышев бұл өтінішті қабылдамай, процессті ашық түрде жүргізді.

Бұған дейін белгіленген үкім бойынша, Бақытжан Байжановтың бостандыққа шығу мерзімі 2027 жылдың 18 шілдесі болатын. Алайда жаза мерзімі үштен бірге қысқартылса, ол 2026 жылдың қарашасында түрмеден босап шығуы мүмкін.

Сот отырысы барысында Байжановтың түзету мекемесінде өзін жақсы жағынан көрсеткені айтылды. Ол екі рет марапатталып, тәртіп бұзбаған. Сонымен қатар, үкім бойынша талап етілген барлық шығын толық өтелген. Прокурор да соттан өтінішті қанағаттандыруды сұрады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар