Танымал боксшы, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай жаңа оқу жылы қарсаңында көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетіп, 40 баланың мектепке дайындығына демеушілік жасады. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы 1bol.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Осыған дейін спортшы әлеуметтік желіде бірінші сыныпқа баратын балалардың ата-аналарынан байланыс нөмірлерін сұраған болатын. Жақында жариялаған Stories бөлімінде Назым:
"Жаттығудан кейін өзіме риза болып келе жатырмын. Минус 2 миллион, плюс 40 бақытты бала мен күлімдеген ата-аналар. Жақсылықты сандармен емес, жүрекпен өлшеу керек", – деп жазды.