Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Әйел екі баласын терезеден лақтырып жіберіп, артынша өзі секірді”: Павлодарда жантүршігерлік жағдай болды

15:23, 30 шілде 2025 686

Павлодар қаласында әйел адам бесінші қабаттан екі баласын терезеден лақтырып, кейін өзі де секірген. Бұл туралы Жедел медициналық жәрдем қызметінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Оқиға 30 шілде күні сағат 13:00 шамасында болған. Шақыртуды оқиға куәгері – өтіп бара жатқан адам жасаған.

"Нұрмағамбетов көшесіндегі үйлердің бірінде әйел бесінші қабаттан екі баласын терезеден лақтырып, артынан өзі де секіріп кеткен. Бірінші дәрежелі шұғыл шақырту ретінде оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Олар алты минутта жетті", – делінген ресми ақпаратта.

Әйел мен балалардың жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. Балалар облыстық балалар ауруханасына, ал анасы №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.

Зардап шеккен балалардың жасы – 1,5 және 5 жаста. Үшеуі де ауыр халде жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар