Алматыда Жұбанов көшесі қала шекарасына дейін ұзартылады

Алматыда Жұбанов көшесі қала шекарасына дейін ұзартылады almaty-akshamy.kz

Аудандағы жол инфрақұрылымының сапасын жақсарту мақсатында шұңқырларды жауып, жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жалғасады. Бұл туралы қала тұрғындарымен кездесуде шаһар басшысы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


 Биылғы жылға жалпы ұзындығы 12,8 шақырым болатын 14 көше мен өтпе жолдарды орташа жөндеу жоспарланған. Жұмыстар мамыр айында басталып, қараша айында аяқталады.



Анықтама үшін: 2023 жылы қалалық мобилділік басқармасы қаланың 220 көшесінде ұзындығы 200 км жол жабынын орташа жөндеуді жоспарлаған. Қазіргі уақытта ведомстволық сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде. Барлық жобалар ведомстволық сараптама порталына жүктелді. Барлығы 26 жоба, оның 12-сінің оң қорытындысы шықты, 4-уі Автомобиль  жолдары комитетінде, 4у-і Астана сарапшыларында, 3-уі Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының Алматы филиалында пысықталуда. Әуезов ауданы бойынша оң қорытынды алынды. Қалалық мобилділік басқармасы орташа жөндеуге конкурс жариялау үшін құжаттар дайындауда. Әуезов ауданы бойынша орташа жөндеу жұмыстарының басталуының болжамды мерзімі биылғы мамыр айының соңына жоспарлануда.



Децентрализация шеңберінде биылғы жылдан бастап жолдарды ағымдағы жөндеуді аудан әкімдіктері жүргізетін болады. Әуезов ауданы бойынша сомасы 250 млн. теңгеге жалпы ауданы 23 мың м2 жөндеу жоспарланған.


Жұбанов көшесін (Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін) ұзартуға жобалау-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы алынды. Сатып алуға жататын 307 учаске анықталды (2023 жылға арналған сатып алу жоспары – 50 учаске). Бүгінде мердігер ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде



«Бұл Әуезов ауданының дамуына, көлік жүктемесін айтарлықтай азайтуға және қоғамдық көлікпен қызмет көрсету сапасын жақсартуға ықпал етеді», – деді қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14