Жеңілдетілген микрокредит алуға 761 өтінім түсті

Жеңілдетілген микрокредит алуға 761 өтінім түсті Сурет: ашық дереккөз

«Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-ға қазақстандықтардан кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жастарға берілетін жылдық 2,5%-бен жеңілдікті микрокредиттер алуға 761 өтінім түсті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.


2023 жыл ішінде барлығы 5 796 микрокредит беру жоспарлануда.


Микрокредиттер 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз ісін ашу немесе кеңейту үшін беріледі. Ол үшін 5 жылдан аспайтын мерзіммен жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет. Бұл ретте қатысушылардың «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-ға өтініммен жүгінген уақыттағы жасы ескеріледі.



«Микрокредиттің мөлшері 5 млн теңгеге дейін, ал қатысудың ең ұзақ мерзімі 5 жылдан (кез келген мақсатқа), 7 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін) болуы мүмкін», – делінген хабарламада.



Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-дан аспайды.



«Микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі. Ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды. Кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт болып табылады. Ол ретінде жылжымалы (мамандандырылған техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепілмен қамтамасыз ету болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады», – делінген хабарламада.



Өтінім беру үшін құжаттар пакетін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалына тапсыру қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14