Желтоқсан саябағында 1000 қап қоқыс жиналды.

Желтоқсан саябағында 1000 қап қоқыс жиналды. Суретті түсірген - Самат

Алматының Желтоқсан саябағындағы сенбілікте белсенді болған ұйымдар мен тұрғындарға бағалы сыйлықтар табысталды. Нақты айтқанда, парк аумағын тазалап, 250 қап қоқыс жинаған Қазақ ұлттық аграрлық университетіне өкілдеріне смартфон сыйланды. 200 қап қоқыс шығарған Азаматтық авиация академиясы студенттеріне смарт-сағат берілді. Сондай-ақ жүз-жүзден қап жинаған “Желтоқсан Ақиқаты” Республикалық ҚБ мен “Mary Kay” компаниясының өкілдеріне арнайы сертификаттар табысталды.
Сонымен қатар сенбілік барысында белсенділігімен көзге түскен жеке тұрғындарға да бағалы сыйлықтар берілді.
Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқарма өкілдерінің есептеуінше, жалпы Желтоқсан саябағында 1000-нан астам қоқыс қабы жиналған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12