Жатақхананың алғашқы кірпіші қаланды

Жатақхананың алғашқы кірпіші қаланды almaty-akshamy.kz

Қалашықта құрылыс қарқынды жүреді


Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қазақ білімінің қарашаңырағы Әл- Фараби атындағы ұлттық университетте құрылыстың екінші кезеңі басталып, жаңадан салынатын жатақхананың алғашқы қадасы қағылды. Осынау салтанатты шараға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закария, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Әуез Тайымбетов қатысты.


Алғашқы сөз кезегін алған оқу ордасы­ның басшысы Жансейіт Қансейітұлы оқу ордасының екінші тынысы ашылып, қар­қынды құрылыс басталатынын жеткізді.



– Баршамыз тарихи сәтке куә болып отырмыз. Мемлекет басшысының тікелей қолдауының арқасында қалашық ішінен 12 мың студентті қамтитын жаңа жатақхана­лар бой көтеретін болды. Бүгін ең алғашқы жатақхананың кірпіші қаланып жатыр. Бас жоспарға сәйкес, жаңадан бой көтеретін ғимараттар қатарында 12 жатақхана, 9 оқу корпусы, 5 әкімшілік ғимарат салынады. Алғашқы құрылыстың іргетасы қаланып, капсулаға министрдің қолы қойылған ар­найы хатты саламыз. Тау етегіне түрен салып, қалашықта құрылыс басталады, – деді ректор.



Осынау алып құрылысқа қолдау білдіріп жатқан шаһар басшысына алғы­сын білдіріп, қала әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыровқа сөз кезегін ұсын­ды. Өз кезегінде қала басшысының орын­басары еліміздің мақтанышы болған оқу ордасына қашанда қолдау білдіріп, көмек көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.


Салтанатты шараның қонағы, Астана­дан арнайы келген Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елімізде ең алғашқы академиялық қалашық болып ашылған оқу ордасына 1974-1975 жылдан бері қомақты қаржының бөлінбегенін, ара­ға ұзақ жылдар салып Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауының арқасында университеттің екінші тынысы ашылып жатқанына тоқталды.



– Біз үшін өте қуанышты күн болып отыр. Бұл білімге, ғылымға көрсетіліп жатқан қолдау. Сондықтан оқу ордасын жаңа инновациялық деңгейге жеткізейік. Білікті мамандар даярлап, еліміздің да­муына үлес қосайық.



Жалпы, Алматыдағы ең өзекті мәселе жатақхана тапшылығы екенін білесіздер. Мәселен, 180 мыңнан астам студенттің кем дегенде 30 мыңы жатақханаға мұқтаж. Біз Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Алматы қаласының даму бағдар­ламасы» негізінде министрлікпен бірлесіп, жатақхана мәселесін 4-5 жылдың ішінде шешуді қолға алған едік. Әрине, ең алды­мен қала аумағындағы жердің тапшылығы кедергі болғанымен, жатақхана құрылы­сын салуға ниетті инвесторлар өте көп, – деді министр.


Сонымен қатар, Ғылым және жоғары білім министрі Қонаевта академиялық қа­лашық салу жұмыстарының басталғаны мен «2023–2029 жылдарға арналған Жоға­ры білім мен ғылымды дамыту тұжырым­дамасының» жобасы туралы кеңінен баян­дады. Жоба барысында студенттер жатақханасының саны артып, 7 жылда жаңадан 10 мың орын ашуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14