ҰҚК: Қазақ-қырғыз шекарасында жоғалған сарбаз табылмай жатыр

ҰҚК: Қазақ-қырғыз шекарасында жоғалған сарбаз табылмай жатыр Cурет: 24.kz

Іздеуге Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметінің департаменті мен Полиция департаментінің күштері  жұмылдырылды


Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2 наурыздан бері із-түзсіз кеткен сарбазға іздеу салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.


ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті  2022 жылғы 2 наурызда жоғалып кеткен «Андас батыр» шекара бөлімшесінде мерзімді қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші қатардағы жауынгер Ұлықбек Айдарбекұлы Бердишевті іздеп жатыр. 


Іздеуге Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметінің департаменті мен Полиция департаментінің күштері  жұмылдырылды. Осы факт бойынша тергеу іс-қимылдары мен қызметтік тергеп-тексеру жүргізілуде.


Ұ. Бердишевке қатысты қандай да бір ақпарат білетіндер болса, мына телефон номерлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз: 110 (ҰҚК сенім телефоны), 87172719458 (Шекара қызметінің сенім телефоны). 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46