ҰБТ талаптары өзгереді

ҰБТ талаптары өзгереді сурет:24.kz

Келесі жылдан бастап ҰБТ форматы мен сұрақтар мазмұны өзгереді


Келесі жылдан бастап ұлттық бірыңғай тестілеу жаңа форматқа көшіріледі. Сонымен қатар жаңа сипатта сұрақтар даярлайтын мамандар оқытылады. Аталған жаңашылдықпен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бөлісті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz. 



«ҰБТ-ға қатысты екі проблема бар. Алдымен сұрақтардың маңызы. Шынын айту керек, оның сұрақтары формалды. Адамды ойлауға және оның ойлау қабілетін тексеруге емес, жаттауға бағытталған. Бұл мәселені қалай шешпекпіз? Бүгінде Кембридж университетімен бірлесіп ҰБТ сұрақтарын түбегейлі түрде өзгертіп жатырмыз. Биыл 350 тест даярлайтын маман оқытылып, сертификациядан өтеді. Олар 5 мың жаңа сипаттағы сұрақтар әзірлейді. Жаңа форматтағы тест сұрақтары SAT (Scholastic Assessment Test) халықаралық емтиханына ұқсайды. Ол жерде алдымен баланың ойлау қабілеті назарға алынады», - деді Саясат Нұрбек.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14