ТЖМ қызметкерлері 2 млн үйді аралап шығады

ТЖМ қызметкерлері 2 млн үйді аралап шығады astana.gov.kz

Жыл соңына дейін Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігі мақсатында 2 млн үйді аралап шығады. Бұл туралы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов айтып берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Жыл сайын жылыту кезеңі тұрғын үй секторында өрт-профилактикалық іс-шараларынан басталады. Өткен жылдары бұл жұмысқа тек ТЖМ және полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Ал 2019 жылдан бастап ТЖМ бастамасы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарының, жетім балалардың, көпбалалы отбасылардың үйлеріне бару әкімдіктердің әлеуметтік қорғау қызметтерінің өкілдерімен бірлесіп жүзеге асырылуда», - деді Н. Дербісов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.



Оның айтуынша, 15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін өрт қауіпсіздігі акциясының I-кезеңі өткен. Онда әкімдік өкілдерімен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтарының, көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың, жетім балалардың үйлеріне барып, қажетті көмек көлемі анықталған. Ал 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін акцияның II кезеңінде ТЖ туындау қаупі бар, яғни автономды жылыту жүйелері бар үйлер алдын алу жұмыстарымен қамтылды.



«Жалпы аралау барысында ТЖМ қызметкерлері 764 мыңнан астам үйді аралады, алайда 51 мың үйдің тұрғындарын тексеру мен кеңес беруден бас тартты. Әкімдік өкілдерімен бірлесіп 71 мың үй араланып, 747 мың азаматқа нұсқау берілді. 118 мыңға жуық үйде 158 мың өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу жағдайы анықталды, оның ішінде 40 мыңнан астамы сол жерде жойылды», - деді ол.



Спкиер бұзушылықтардың 90%-ы электр техникалық желілер мен электр жабдықтарын және автономды жылыту жүйелерін пайдаланумен байланысты екенін атап өтті.



«Профилактикалық жұмыстар бір рет барумен және үгіт материалдарын таратумен шектелмейді. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған үйлерге қайта барады. Биыл соңына дейін шамамен 2 млн жеке үйді аралау жоспарланып отыр», - деді Н. Дербісов.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05