ТЖД алматылықтарға көктайғақ пен тұман туралы ескертті

ТЖД алматылықтарға көктайғақ пен тұман туралы ескертті Сурет: Ашық дереккөз

Cақ болыңыз, әсіресе жолды кесіп өткенде, бөгде заттарға алаңдамаңыз


«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 17 қарашада Алматыда тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті көлік иелері мен жаяу жүргіншілерді жолда аса сақтық пен мұқият болуға шақырады.


Ведомство көктайғақ кезіндегі тәртіп ережелерін де еске салды:


- қар жауған және көктайғақ кезінде көлік құралын басқару мүмкіндігі күрт нашарлайды және жүргізушінің көлікті басқаруды жоғалтуына және соның салдарынан жаяу жүргіншілерді қағып кетуі мүмкін;


- көшелерді кесіп өту жол жүру ережелерімен белгіленген жерлерде болуы керек;


- сақ болыңыз, әсіресе жолды кесіп өткенде, бөгде заттарға (ұялы телефонмен сөйлесу) алаңдамаңыз;


- әрқашан алдыңызда, яғни аяғыңыздың астына қараңыз;


- аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек. Аяқ киім сырғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанда болмауы керек;


- қолыңызды қалтаңызға салмаңыз, бұл мұзда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік бермейді;


Есіңізде болсын, жаяу жүргіншілер жолы, қоғамдық көлік аялдамалары, дүкендерге кіре берістегі баспалдақтар, тіпті сіздің жеке үйіңіздің подъезі де адамдардың жиі құлайтын жері.


Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның алдағы үш күндегі ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12