Тазалықты өзімізден бастау керек

Тазалықты өзімізден бастау керек Суретті түсірген - Самат

Алматы қаласы әкімдігі мен «Қазақстанды көгалдандыру» қауымдастығы Жетісу ауданының «Көкжиек» ықшамауданында «Almaty Clean & Green» атты қалалық экологиялық акциясын ұйымдастырды. Жергілікті әкімдік шараны ұйымдастырушыларға қажетті жабдықтарды ұсынып (қолғап, қап, күрек, тырма), акцияға қатысушыларды ауыз сумен және тамақпен қамтамасыз етті.  



– Бүгінгі ұйымдастырылған іс-шара қаламыз үшін үлкен мереке деп айтсақ та болады. Көктем келгенде барлығымыз да белсенді жұмыстарға кірісеміз, үйімізді жинап, ағаш отырғызып, көшелерді тазалаймыз. Бұл сенбілік акциясы қаламыздың қыстан кейін тазарып, көркеюі үшін қажет. Қаламыздың тұрғындарына айтарым, ең алдымен тазалықты өзімізден бастауымыз керек. Қоқыстарды жинап, арнайы жәшіктерге салып жүрсек, мұның өзі сүйікті қаламыздың таза болуы үшін үлкен көмек болады, – деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Назира Тоғызбаева.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12