Сайлау учаскелерінің бәріне бейнекамера орнату тиімсіз әрі орынсыз - Үкімет басшысы

Сайлау учаскелерінің бәріне бейнекамера орнату тиімсіз әрі орынсыз - Үкімет басшысы Сурет: Ulysmedia.kz

Премьер-Министрге бұған дейін бұл ұсынысты Парламент депутаттары жолдаған.


Алайда сайлау учаскелерінің бәріне видеокамера орнатуды Үкімет басшысы «экономикалық тұрғыда тиімсіз әрі орынсыз» деп есептейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Ulysmedia.kz. cілтеме жасап. 




Айта кетсек, Парламент Мәжілісі тарамай тұрып, "Ақ жол" партиясы атынан депутат Қазыбек Иса әр сайлау учаскесіне бейнебақылау орнатуды ұсынған еді. Оның айтуынша, сонда ғана сайлау комиссиялары да, бақылаушылар да, кез-келген азамат сайлаудың әділдігіне көз жеткізіп, заң бұзушылықтардың жолын кесе алады.



«Мұндай бақылау дауыс берудің ашықтығының ең жақсы кепілі болады. Сайлаудың қорытындыларына қоғам сенімін арттырады. Барлық қажетті аумақтар мен рәсімдеу орындарын бейнебақылаумен қамту (бюллетеньдер беру аймағы, дауыс беруге арналған жәшіктер, дауыс беруге арналған кабиналарға кіру, байқаушылар аймағы, бюллетеньдерді санауға арналған үстел) – заң бұзушылықтарды (бюллетеньдерді заңсыз салу, дауыс беруге арналған кабиналарда бөгде адамдардың болуы, бюллетеньдер беру және дауыстарды санау кезіндегі манипуляциялар және т. б.) тіркеуге, сондай-ақ, саяси бәсекелестік күшейген сайын күшейе беретін жанжалды жағдайлардың жолын кесуге мүмкіндік береді. Бейнебақылау камераларын бет әлпетті автоматты тану жүйесімен жабдықтау адамдар әртүрлі сайлау учаскелерінде бірнеше рет дауыс беретін «карусельдерді» анықтауға жол ашады», - деген еді ол.



Бұл ұсынысқа жауап берген Әлихан Смайылов «сайлау учаскелерінде онлайн-трансляция функциясымен жабдықталған бейнебақылау камераларын орнату мәселесін Конституция заңында белгіленген дауыс беру құпиясы қағидатын сақтау тұрғысынан қарау қажеттігін» атап өтеді.



«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңға сәйкес, дербес деректер негізінде субъектінің жеке басын анықтауға болатынын ескеру қажет. Заңға сәйкес, субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімі болған кезде ғана дербес деректерді жалпыға қолжетімді көздерде таратуға жол беріледі», - дейді Смайылов.



Оның хабарлауынша, әсіресе, ауылдарда интернет сапасы нашар, кейбір жерде тіпті жеткіліксіз. Бұдан басқа, сайлау өткізу процесі тұрақты сипатта емес, ауық-ауық өткізіледі.



«Осыған байланысты бейнежабдықтарды сатып алудың экономикалық тиімсіздігі мен орынсыздығын атап өтеміз, өйткені барлық сайлау учаскелерін бейнекамералармен жарақтандыру республикалық бюджеттен қомақты бюджет қаражатын бөлуді талап етеді. Конституцияға сәйкес, саяси партиялардың, өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары дауыс беру барысына және оның қорытындыларын шығаруға кедергі жасамай, фотожазба, дыбысжазба және бейнежазба жасауға құқылы. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қолданыстағы заңнама дауыс беру барысын бейнетіркеу мүмкіндігін жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етеді деп санаймыз. Сондай-ақ дауыс беру учаскелерінен онлайн-трансляцияларды қолданған бірқатар елдер оның осалдығына байланысты (Аустралия, Ұлыбритания, Канада, Швейцария, Нидерланды, АҚШ) бұл тәжірибеден бас тартуға мәжбүр болған халықаралық тәжірибені қарастыру өзекті болып отыр», - дейді Смайылов.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01