Санақтан өту – әлеуметтік жауапкершілік!

Санақтан өту – әлеуметтік жауапкершілік! almaty-akshamy.kz

Халық санағынан онлайн өткен қазақстандықтар саны 6 миллионнан асты


Елімізде 1 қыркүйектен бастап жалпыұлттық халық санағы жүріп жатыр. Ұлттық санақ деректері, ең алдымен, мемлекеттік экономикалық, әлеуметтік және демографиялық бағдарламаларды жасау үшін маңызды қажеттілік болғандықтан, оған қатысу – әрбір Қазақстан азаматы үшін азаматтық парыз және әлеуметтік жауапкершілік! Бұл маңызды шара әрбір қазақстандықтың жайлы да сапалы тұрмысының алғышарттарын қалыптастыруды көздейді. Аты да айтып тұрғандай, 2021 жылғы халық санағының ұраны – «ҚАЗАҚСТАНДА ӘРКІМ МАҢЫЗДЫ!».



Ұлттық статистика бюросы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бүгінде санақтан онлайн өткендер қатары 6 миллионнан асты. Санаққа қатысқан халық үлесі 31,8%-ды құрап отыр.


28 қыркүйек сағат 17.00-дегі жағдай бойынша 6044448 респондент онлайн-санақтан өткен. Олардың 5223509-ы sanaq.gov.kz сайтында, 584 586 адам Egov порталында тіркелу арқылы жауап берсе, 236 353 адам санаққа «Аitu» қосымшасы арқылы қатысты.


Онлайн-санақтан өткендер саны бойынша Түркістан облысы алда келеді. Мұнда 79 9457 тұрғын санақтан өткені жайлы хабарлама алған. Онлайн-санақтан өткен тағы 663 522 адам Алматы облысында тіркелген. Үздік үштікті әзірге Шығыс Қазақстан облысы түйіндеп тұр. Мұнда 575 409 адам санақ сауалдарына жауап берген.


Бұл көрсеткіш бойынша әзірге соңғы екі орынды Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары еншілеп тұр. Аталмыш өңірлерде сәйкесінше 168 158 және 148 428 адам санақтан өтіпті.


Ал жергілікті халық санына шаққандағы санақтан өткендердің үлесі бойынша Қызылорда облысы алда тұр. Мұнда азаматтардың 47,6% сауалдарға жауап берген (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 823 052 адам тіркелген). Бұл көрсеткіш бойынша Шығыс Қазақстан облысы екінші орында. Мұнда тұрғындардың 42,3%-ы бүгінге дейін санақтан онлайн-режимде өткен (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 1361163 адам тіркелген). Оқырмандарымыздың есіне тағы бір сала кетейік, онлайн-санақ кезінде sanaq. gov.kz сайты тәулік бойы жұмыс істейді. Респондент санаққа қатысуға өзі үшін неғұрлым ыңғайлы уақытты таңдай алады. Сайтта бланкіні толтыруды тоқтата тұру және кейін жалғастыру мүмкіндігі бар. Бұл да респонденттер үшін қолайлы. Сонымен қатар, Еgov.kz электрондық үкімет платформасында sanaq.gov.kz сайты кіші парағы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) де санақтан өтуге болады. Мобильді қосымшалар арқылы да санаққа қатысу мүмкіндігі қарастырылған. Азаматтар «Aitu» мобильдік қосымшасымен де ұлттық санақтан өте алады.


Негізі онлайн-санақтан жылдам өтесіз. Отандастарымыз санақтың осы әдісінің артықшылықтарын түсінгендері абзал. Індетке қарсы күрес амалы ретінде интернет-сауалнамаға жауап беру арқылы санақ науқанына қатысу – бірден-бір қауіпсіздік кепілі. Қазақстандықтар 15 қазанға дейін онлайн-режимде санаққа қатысты барлық сұрақтарға тікелей жауап бере алады.Сайтқа тәулік бойы кіру қамтамасыз етілген. Азаматтар тұрғылықты жеріне қарамастан, виртуалды көмекшінің көмегімен санақты өздері және отбасы мүшелері үшін сауалнамалар толтыру арқылы дербес аяқтай алады. Санақ жүргізу кезеңінде еліміздің барлық аумағында ұялы және стационарлық телефондарға арналған тегін бірыңғай «1446» call-орталығы жұмыс істейтін болады. Сall-орталыққа қоңырау ша лу – тегін. Сондай-ақ, 8 8000 800 878 нөміріне де хабарласу мүмкіндігі бар.


Ал онлайн-санақтан белгілі бір себеппен өте алмай қалған азаматтарды, интернет жүйесіне қосылмаған ауыл-аймақ тұрғында- рын, шалғай елдімекендердегі тұрғындарды қамту үшін қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып, 2021 жылдың 1 қазанынан 30 қазанына дейін дәстүрлі офлайн санақ жүргізілетін болады. Барлық деректерді санақшылар дәстүрлі әдіс арқылы, үй-үйді аралап жүріп анықтамақ. Олар үй аралау кезінде электронды планшеттерді пайдаланады, азаматтардың деректері санақ жүргізушінің қолындағы сол планшеттік компьютерге толтырылады. Учаскелерді аралау кезінде интервьюерлер (сұхбатшылар) медициналық бетперделер мен қолғаптарды, антисептиктерді қолдану сияқты барлық сақтық шараларын сақтайды.


Ең бастысы, санақ деректерінің құпиялығы қатаң сақталады! Азаматтардан алынатын барлық ақпарат қорғалған байланыс арналары арқылы бюроның орталық серверіне беріледі. Мұнда барлық деректер криптографиялық қорғау құралдарымен қорғалған. Санақ сұхбатшылары жұмыс барысында пайдаланатын планшеттік құрылғылардан деректерді серверге беру кезінде де халық санағының деректерін қорғау қатаң қадағаланады. Мемлекеттік статистика органдары алғашқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және сақтау барысында барлық мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етеді. Олардың қызметкерлерінің алғашқы статистикалық деректерді жоғалтқаны, сатқаны, бергені және өзге де заңсыз жария еткені үшін заң жүзінде жауапкершілік көзделген.


Тағы бір ескеретін маңызды жәйт, әлеуметтік жауапкершілік пен азаматтық парызға негізделген санақтан өтуден бас тартқандар үшін жауапкершілік қарастырылған. Санақ кезінде әр адам респондент болып есептелетіндіктен, ақпарат бермегені үшін немесе белгісіз мәлімет бергені үшін азамат- тар жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков мәлімдеді.


Сонымен, санақты онлайн өтемін деушілер үшін sanaq.gov.kz сайты 15 қазанға дейін тәулік бойы қолжетімді. Ұлттық статистика бюросы азаматтардың белсенділігі үшін алғыс айта отырып, санақты онлайн өтуге шақырады. Барлық сауалдар бойынша 1446 байланыс орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу – тегін. Қазақстанда әркім маңызды!


Дайындаған Т.ДЕРБІСАЛИН.


 (Дереккөз: ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14