Республиканың басым бөлігінде желдің күшеюі ықтимал

Республиканың басым бөлігінде желдің күшеюі ықтимал Cурет: Inform.kz

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен сенбіде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады.


11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазгидромет-ке сілтеме жасап.


Тек оңтүстік пен батыста, антициклон жотасының әсерімен көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың басым бөлігінде желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал. Таңертең және күндіз Ақмола облысының оңтүстік, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай, түнде шығыста, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Павлодар облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік және орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ жауып, батыс және оңтүстік-батысында жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с жетеді. Қарағанды облысының батыс, солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігінде найзағай, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Күндіз Батыс Қазақстан облысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік, солтүстік-батысында найзағай, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өрт қаупі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02