Педофилдерге электрондық білезік тағылады

Педофилдерге электрондық білезік тағылады Сурет: Рrimgazeta.ru

Мұндағы мақсат - пробациялық бақылауды дамыту.


ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап педофилдерге электрондық білезік тағылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Пробациялық бақылауды дамыту үшін электрондық білезіктер енгізілуде. Биыл біз бұл жұмысты ілкі жоба ретінде бастаймыз. Бірінші кезекте 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап педофилдерге қатысты қолданылады», - деді Ерлан Тұрғымбаев.



Сонымен қатар ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты іс-шаралар қабылданғанын айтты.



«Жемқорлықты жою үшін азаматтармен тікелей байланыс азайды. Көлік жүргізу куәлігін беру және емтихан қабылдау функциялары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілді. Тіркеу-емтихан орталықтары жойылды. Полиция қызметкерлері көлік құралдарының криминалдық тарихын ғана тексереді. Қазақстанда 30 тәулікке дейін болатын шетел азаматтарын тіркеу тоқтатылды. Электрондық визалар енгізілді. Тікелей халықаралық әуежайларға кіру визаларын беру ұйымдастырылды», - деді министр.



 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12