Отандастарымыз «Славян базары» фестивалінің лауреаты атанды

Отандастарымыз «Славян базары» фестивалінің лауреаты атанды Сурет: Іnbusiness.kz

Биыл «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінде Қазақстан атынан Kyle Ruh (Ерік Төленов), ал балалар байқауында Алинур Хамзин өнер көрсетті.


Екі орындаушы да байқаудың лауреаты атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.


Ерік Төленов ұлттық дәстүрді сақтаудағы жоғары шеберлігі үшін мемлекетаралық «МИР» - телерадиокомпаниясының «Песня - Путь к Содружеству» арнайы марапатына ие болды. Сондай-ақ Ерік Төленов халықаралық байқаудың лауреаты атанды. Ал 12 жастағы Алинур Хамзин балалар арасында осы сайыста екінші орын алды.


Ерік Төленов 1993 жылы Түркістан облысы, Ащысай ауылында дүниеге келген. Кентау қаласындағы №23 Тұрар Рысқұлов атындағы мектепті, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын бітірген, 2014-2016 жылдары түрлі музыкалық топтарда өнер көрсеткен. 2021 жылы Mozart халықаралық шығармашылық фестивалінің және Welle-music wave халықаралық байқауының гран-при иегері атанған, The Voice of Kazakhstan танымал байқауында II орын алды. Оның қойылымы әлемнің ең үздік The Voice шоуларының қатарына енді.


Алинур Хамзин 2010 жылы Орал қаласында дүниеге келген. №27 мектеп-лицейінің 6-сыныбында және № 1 музыка мектебінде оқиды. Соңғы 5 жылда республикалық конкурстарға, тележобаларға және халықаралық конкурстарға, оның ішінде Париждегі Junior Eurovision байқауына, Ташкенттегі «Роза востока» халықаралық конкурсына қатысқан. Сондай-ақ, ол - әртүрлі тележобалар мен конкурстардың лауреаты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37