Өскеменде автобус жер үйге соғылды

Өскеменде автобус жер үйге соғылды Сурет: Ашық дереккөз

Автобус рейске шықпағандықтан, ішінде жолаушылар болмады


Өскемен қаласында автобус жер үйге соғылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Мирный кентіндегі Мостовая көшесінде болған.



«Жүргізуші автобусты мас күйде тізгіндеген. Соның салдарынан рульді басқара алмай қалып, жер үйге соғылды. Жол апаты салдарынан үй тұрғыны жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», - делінген ақпаратта.



Белгілі болғандай, сол күні автобус рейске шықпағандықтан, ішінде жолаушылар болмады.



«Қоғамдық көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12