Нәубет жылдары 3200 қазақ Үндістанға дейін барған

Нәубет жылдары 3200 қазақ Үндістанға дейін барған Сурет: Baq.kz

 Мұндай ақпарат «Архив – 2025» бағдарламасы аясында белгілі болды. 


Өткен жылы бағдарламамен 10 елге барып-қайтқан отандық ғалымдар осындай деректер келтірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


24.kz ақпараты бойынша, экспедиция барысында жиналған құжаттар Елордада өткен көрмеде таныстырылды. Тарихшылар отызыншы жылдары Қытайға 18-45 мыңның арасында адам көшкенін айтады. Алайда қаншасы ары асқаны белгісіз еді. Ғалымдарда Тибет, Гималайды басып өткен қаралы көштің толық тізімі бар. Олардың 2 мыңға жуық қойы, 500 шамасында сиыры мен жылқысы болған. Кейін Пәкістан, Ауғанстан арқылы Түркияға жеткен. Аштықтан, аурудан, ыстық-суық пен қарақшылықтан басым бөлігі көз жұмып, небары 1000-нан астам жанға Анадолыдан дәм бұйырды. Қазір құжаттарды зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Ғалымдар бұл ауқымды істің тек басы ғана екенін айтады.



«Ал енді біздің ойымыз - барып келген іссапарды жалғастырып, тағы да әрі қарай зерттеу керек. Себебі Үндістанда көп дүние бар. Біз Нью-Делиде ғана болдық. Былай қарасаңыз, олар Бхопал, Хайдарабад деген қалаларында өмір сүрген. Сол жерге дейін жетуіміз керек. Міндетті түрде Англияға бару керек. Англияның архивінде, бұл жерде де болуы керек», - дейді Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Жандос Болдықов.





Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14