Мұз-шоудан түскен қаржыға мұқтаж отбасыларына газ тартылады

Мұз-шоудан түскен қаржыға мұқтаж отбасыларына газ тартылады Cурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Әйелдер күштері альянсы мен ҚСДҚ (Kimep Association of Sport Development) бірлесе отырып, жыл сайынғы «SOI – «Жастар таза ауа үшін» шоу-байқауын сәтті өткізді.


SOI (students on Ice, яғни «мұз үстіндегі студенттер») мұзды шоу байқауына қатысуға ниет білдірген 11 жұп студентті спорт шебері, Қазақстан чемпионы, Азия жарыстарының чемпионы Регина Глазман бес ай бойы, күнделікті бір тынбай дайындаған болатын. Еңбек ақталды десек болады. «Алматы арена» жастардың мұз-шоуын тамашалауға келген көрерменге лық толды. Демек билет жақсы сатылған. Ал түскен қаржыға Алматының Түрксіб ауданындағы әл-ауқаты төмен 20 отбасыға газ тартылады. Міне, сөйтіп қаламыздың қайырымды жастары осылайша үлкен іске үлес қосып отыр. Ал мұз айдынында мәнерлеп сырғанап шоу жасаған жеңімпаз жастардың қуанышында шек жоқ, әрине.



Иә, бүгінде экологиялық ахуал біздің қалада ғана емес, бүкіл әлем бойынша маңызды  тақырыпқа айналып отырғаны рас. Пешке жағылған көмірдің өзі ауаның ластап, адам денсаулығына үлкен экологиялық қауіп төндіретіні белгілі. 2019 жылы Алматы қаласы әлемдегі экологиялық қауіпті 100 қаланың қатарына кіріп, 95-ші орында шыққан болатын.
Өскелең ұрпақтың қала мәселесіне бей-жай қарамай, оны оңымен шешуге белсене атсалысып, қала тарихында өз қолтаңбасын қалдыруға деген ұмтылысы өте қуантады.



«Бұл жобаның тарихы ұзақ, пандемия жағдайларына байланысты оны екі жылға тоқтата тұруға тура келген еді. Ал бүгінгі күні 10 жылдық мерейтойлық шоумен жалғасын тапқанына қуаныштымыз. Бұдан кейін жыл сайын осы әлеуметтік маңызы бар іс-шараға жастарды көбірек тарта отырып, әрі қарай жалғастыруды жоспарлап отырмыз», – дейді  Алматы қалалық Әйелдер күштері альянсы төрағасының орынбасары Әлия Ахмеджанова.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12