Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі Twitter

2022 жылғы 1 желтоқсанда сағат 11:00-де Алматы қаласындағы Республика сарайында Достық даңғылы, 56 мекенжайы бойынша мүмкіндігі шектеулі жұмыссыздарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Жәрмеңкені "Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы " КММ Медеу ауданы әкімінің аппаратымен бірлесіп ұйымдастырады.


Бос орындар жәрмеңкесінің мақсаты – жұмыс беруші мен ізденушінің тікелей қарым-қатынасы арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу болып табылады, онда жұмыс берушілер ізденушілермен кездесуге, ал ізденушілер алдын ала әңгімелесуден өтуге, түйіндеме жіберуге, мүдделі бос жұмыс орындарымен және ізденушілерге қойылатын талаптармен танысуға болады.


Тіркелу сағат 10:00-де басталады.


Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бос жұмыс орындары бар және бос орындар жәрмеңкесіне қатысқысы келетін ұйымдар жұмыс берушілерді қолдау бөліміне өтінімді [email protected] электрондық мекенжайына жіберуі қажет.


Жұмыс берушілер бос орындар жәрмеңкесі алаңында көрме стендтерін орналастыра алады, сондай-ақ, тұсаукесерлер мен жарнамалық өнімдерін көрсете алады немесе ізденушілер үшін шеберлік сыныптары мен тренингтер ұйымдастыра алады.


Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондар арқылы хабарласыңыз:
+7(708) 211 12 47, +7(747) 751 05 95.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14