Мемлекет басшысы Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалдық музейіне барды 

Мемлекет басшысы Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалдық музейіне барды  Сурет: Akorda.kz

Президентке Шоқан Уәлихановтың өмірі мен еңбек жолы, әскери қызметі, тарихи-этнографиялық, георафиялық зерттеулері және ғұмырының соңғы кезеңі туралы тарихи деректер мен жәдігерлер таныстырылды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.


Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов жайлы жазылған еңбектердің бәрін оқып шыққанын еске салып, оның зерттеу жұмыстарымен таныс екенін айтты. Сонымен қатар Президент музейдегі жәдігерлерді әлі де толықтыра түсу керек екеніне назар аударды.


Президент Құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырып, музей қызметкерлерімен әңгімелесті.


Былтыр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша музейге және осы мәдени-туристік нысанға баратын жолға жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.



Сонымен қатар, Президент Жетісу облысының туристік әлеуетімен танысты


Мемлекет басшысына Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалдық музейінде Жетісу облысының туризм саласын дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде қысқаша мәлімет берілді. 


Облыс әкімінің орынбасары Рустам Әлидің айтуынша:


▪️туризм саласының дамуына қатысты негізгі көрсеткіштерде өсім байқалады. Соңғы үш жылда өңірге келген туристер саны екі есе артқан. Ал осы саладағы көрсетілетін қызметтер көлемі 16 миллиард теңгеге дейін өсті. Аталған бағыттың дамуына тың серпін беру үшін бірқатар инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып жатыр;


▪️қазір Алакөлге көліктің бірнеше түрімен жетуге болады;


▪️былтыр Үшарал әуежайының ұшу-қону жолағына реконструкция жасалып, тұрақты әуе қатынасы жолға қойылған;


▪️биыл «Астана – Достық» бағыты бойынша «Тальго» пойызы іске қосылды және «Үшарал – Достық» автожолының реконструкциясы аяқталды; 


▪️қазіргі кезде «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» автожолын қайта жөндеу, Алакөл курорттық аймағында жоғары вольтты электр желілерін тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр;


▪️«Балқаш» туристік-рекреациялық аймағының бас жоспары» әзірленді;о


▪️оның аясында ұзындығы 16 шақырым болатын жағалауға бюджет есебінен инженерлік-коммуникациялық желі тартылып, жалпы аумағы 860 гектар жерге 7 бағыттағы демалыс аймақтары орналастырылады;


▪️жоспар шеңберінде 30 миллиард теңгеге дейін жеке инвестиция тарту көзделген;


▪️келесі жылы көлге апаратын «Алматы – Өскемен – Лепсі – Ақтоғай» жолының реконструкциясын аяқтау жоспарланып отыр;


«Алтын-Емел», «Жоңғар Алатауы» ұлттық табиғи парктерінде экологиялық туризмге басымдық беріледі. Биыл «Altynemel» визит-орталығы ашылды. Ал «Жоңғар Алатауы» ұлттық паркінің аумағында жалпы құны 1,7 миллиард теңге болатын 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ;


Текелі маңайында шаңғы-биатлон кешенін салу және Бұрқанбұлақ сарқырамасына дейінгі жолды жөндеу жұмыстары жоспарланған.



Президент облыс орталығындағы драма театрына есімі берілген Қазақ ССР Халық әртісі Бикен Римованың бюстіне гүл шоғын қойды. Бұдан кейін Мемлекет басшысы театр ғимаратын аралап көріп, Талдықорған драма театрында Жетісу облысының зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, пікір алмасты.


– Бүгін, міне, халқымызға танымал аса көрнекті актриса Бикен Римова театрында кездесіп отырмыз. Өте қуаныштымын. Шын мәнінде, біз өткен заманның қайраткерлеріне, олардың еңбегіне лайықты, әділетті баға беруіміз керек. Бұл еліміздің болашағы үшін, жас ұрпаққа дұрыс жол көрсету үшін қажет, – деді Президент.


Мемлекет басшысы облыс зиялыларына жастар тәрбиесі мен аймақтың келешегі туралы ойын айтты.



– Біз еліміздің болашағы қандай бағытта дамитынын ойласақ, ең алдымен, жастарымызға көңіл бөлуіміз керек. Еліміздің болашағы жастардың қолында. Қай жерге барсам да, үнемі айтып жүрмін. Жастарымызды көзі ашық, көкірегі ояу, адал азамат етіп тәрбиелеуіміз қажет. Бұл – ел дамуының маңызды бір бағыты. Ал енді облыстың дамуына келер болсақ, өңірдің әлеуеті зор. Даму қарқыны жақсы, әлі де түйткілді мәселелер бар. Мен облыстың жағдайын жақсы білемін. Алдағы уақытта да назар аударамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Кездесуге қатысушылар еліміздің мәдениет саласына ерекше көңіл бөлініп, мемлекеттің қолдауын сезініп отырғанын жеткізіп, Президентке алғыс айтты. Сонымен қатар облыс ақсақалдары кеше Республика күнінде өзіңіз көтерген көк байрағымыз жығылмасын деген тілегін білдірді.









Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32