Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қабылдады

Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қабылдады Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады.


Уәкіл биылғы 5 айда атқарған жұмыстарының қорытындысы туралы баяндады. Омбудсмен кеңсесі мен оның өңірлердегі өкілдіктері осы уақыт аралығында азаматтардың 2 318 өтінішін қараған.


Артур Ластаевтың айтуынша, жергілікті жердегі жұмысты күшейту үшін Ұлттық превентивті механизм мүшелерінің құрамы жаңарған. Балаларға арналған мекемелердегі қатыгездік әрекеттердің алдын алу мәселесін ерекше назарда ұстайды. Атап айтқанда, Уәкіл осындай мекемелерге 213 рет барып, 800-ден астам ұсыным жасаған. Азаптау фактілеріне қатысты тергеу амалдары жүргізіледі. Құқық қорғау органдарына бірқатар арнайы ұсыным берілген.


Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету маңызды екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12