Маск Starship зымыран тасығышының алғашқы орбиталық ұшуы 2022 жылы болатынын айтты

Маск Starship зымыран тасығышының алғашқы орбиталық ұшуы 2022 жылы болатынын айтты Сурет: Thealphacentauri.net

Илон Маск алға қойған жоспарларымен бөлісті.


Американдық SpaceX аэроғарыштық компаниясының құрушысы Илон Маск осы жылы Starship  зымыран тасығышының алғашқы орбиталық ұшуы болатынына сенімді екенін айтты. Бұл адамды Айға қондыру үшін пайдаланылатын аса ауыр зымыран, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Interfax.ru сілтеме жасап.



«Осы жылы орбитаға (Starship - IF) шығарылатынымызға сенімдімін», - деді Илон Маск Starship жобасындағы жұмыс барысы туралы таныстырылым кезінде.



Жоспар бойынша, зымыран 2022 жылдың ақпанында ұшуы тиіс болатын, алайда SpaceX-тің Техастағы ғарыш айлағынан ұшырылымдарды өткізуге лицензия алуға білдірген өтінішіне байланысты қоғам тарапынан айтылған пікір көп болғандықтан, АҚШ-тың Федералдық авиация әкімшілігі жоспарланған ұшуды бағалау күнін кейінге қалдыруға мәжбүр болды. Енді компанияға лицензия берілсе, наурыз айында беруі мүмкін.


Компанияның жоспарына сәйкес, екі сатылы үдеткіш Техастың оңтүстігіндегі SpaceX жеке ғарыш айлағынан ұшырылуы керек. Қозғалтқыштарды іске қосқаннан кейін бірнеше минуттан кейін төменгі Super Heavy күшейткіш сатысы жоғарғы жақтан ағытып, содан кейін Мексика шығанағына түсуі керек. Бұл ретте зымыранның жоғарғы сатысы Жер орбитасына шығып, оның айналасында бір айналым жасауы керек, содан кейін ол планета атмосферасына оралып, Тынық мұхитында «қонуы» тиіс.


2019 жылдың қыркүйек айында NASA жеке компанияларға 2024 жылы Айға адам қондыру жүйесін дамыту бағдарламасы аясында инновациялық жобаларды жасау байқауына қатысуға шақырды.


Келісім шартқа қол жеткізу үшін байқауға Lockheed Martin, Northrop Grumman және Draper серіктестігімен SpaceX, Dynetics және Blue Origin қатысты.


2021 жылдың сәуірінде NASA ғарышкерлерді 2024 жылы Айға қондыру туралы келісімді Илон Масктың SpaceX компаниясы алғанын хабарлады. Ол адамды айға қауіпсіз қайтару үшін Starship HLS қондырғышын әзірлеуі керек болатын.


2020 жылдың қыркүйегінде NASA «Артемида» жоспарын шығарды. Бұл жоспар бойынша, ғарыш агенттігіне 2024 жылы адамды Айға қауіпсіз қайтару міндеттеледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42