Маңғыстауда бекіре балығын заңсыз аулаған браконьер ұсталды

Маңғыстауда бекіре балығын заңсыз аулаған браконьер ұсталды сурет: polisia.kz

Полицейлер 26 жастағы күдіктіні ұстады.


Маңғыстауда 120 келіден асатын бекіре балығы тәркіленді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.


«Браконьер» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында биыл 10 наурызда Маңғыстау облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Ақтау-Форт-Шевченко тас жолының 29-шы шақырымында табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп Lada 2112 маркалы күдікті автокөлікті тоқтатты. Автокөлікті тексеру барысында жүксалғышта жалпы салмағы 124 келі болатын 33 дана заңсыз ауланған бекіре балығы табылып, тәркіленді»,-делінген хабарламада.


Полицейлер 26 жастағы күдіктіні ұстады. Тәркіленген балық «Kazakh Osetr» ЖШС-не тапсырылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12