+ 18 қала? «Күй күмбірі», Бақыттың да күні бар...

+ 18 қала? «Күй күмбірі», Бақыттың да күні бар... Сурет: Almaty-akshamy.kz коллажы

Almaty-akshamy.kz сайтында бүгін жарық көрген жаңалықтарға шолу – күн керуені


Қазақстанға + 18 қала?



Елімізде жаңадан қала қатарына қосылуы мүмкін ауылдар аталды. Қалаға айналуы мүмкін елдімекендердің қатарында Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы ауылдар бар.


Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың сөзінше, елімізде 10 мыңнан астам тұрғыны бар 112 ауыл бар. Оның ішінде 18 елді мекенде 30 мыңнан астам адам тұрады. Заң бойынша оларға қала мәртебесі берілуі тиіс.


Ассамблеяның  ХХХІІІ сессиясы өтеді



Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды. Жиын 2024 жылы 24-25 сәуір күндері Астана қаласындағы Президенттік орталықта өтеді.


Жер күні



20 наурыз БҰҰ бастамасымен бүкіл әлемде Жер күні (Earth Day) деп атап өтіледі. Сонымен қатар, халықаралық мерекелер күнтізбесінде Жерге арналған екі атаулы күн бар – бүгінгі күн көктемгі күн мен түннің теңелуіне сәйкес келсе, ал екіншісі - 22 Сәуір. Біріншісі бітімгершілік және гуманистік бағытқа ие, екіншісі экологиялық сипатқа ие.


Қарызы барлар лотерея ойнай алмайды



Мәжіліс ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді жұмысқа алды. Заң жобасы Мемлекет басшысының құмар ойындарға шектеу қою тапсырмасының шеңберінде Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленді.


Бақыттың да күні бар...



2012 жылы БҰҰ өзінің 66/281 қарарымен 20 наурызды Халықаралық Бақыт күні (International Day of Happiness) деп жариялады.Ол әр адамның өміріндегі бақыттың маңыздылығын мойындау және бақытқа ұмтылу біздің планетамыздағы барлық адамдар үшін ортақ сезім деген идеяны қолдау мақсатында пайда болған.


Алматы аспанын кернеген «Күй күмбірі»



Бүгін, 20 наурыз елімізде республикалық «Күй күмбірі» атты челленджі өтіп жатыр. Алматы қаласының барлық білім беру ұйымдарында бір уақытта руһты күйлер орындалды. Алматыдағы №161 лицей, №12 мектеп-гимназия, №137 және  Республикалық физика-математика мектебі қатарлы білім беру мекемелерінде «Күй күмбірі» атты челленджі бір уақытта, түскі сағат 12:00-де басталды. Республикалық челленджіні мектеп оқушыларынан құралған домбыра оркестрлері өткізуде. Олар Құрманғазының «Сарыарқа», «Балбырауын», «Адай» қатарлы төкпе күйлерін бір уақытта орындады.


Қаржы пирамидаларының 182 чаты бұғатталды



Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малаховтың тапсырмасы бойынша «Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл» арнайы жобасы іске қосылды. Тек соңғы алты айда интернет желісінде 36 қаржы пирамидасы анықталды. Олар бойынша «WhatsApp», «Telegram» және «Instagram» әлеуметтік желілерінде 200 чат анықталған. Бүгінгі таңда 182 чат бұғатталды.


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39