ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі Үкімет Аппараты болып қайта құрылды

ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі Үкімет Аппараты болып қайта құрылды сурет:caravan.kz

Үкімет Аппараты орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіретін орган болады.


 «ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі» мемлекеттік мекемесі «ҚР Үкіметінің Аппараты» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.


«Үкімет Аппараты:


1) орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді;


2) ҚР Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, сараптамалық-талдамалық, кадрлық, ақпараттық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болады», - деп жазылған құжатта.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:14

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10