Кітапхана қызметкерлері Түркияда біліктілігін арттырады

Кітапхана қызметкерлері Түркияда біліктілігін арттырады Сурет: Qazaly.kz

Мәдениет және спорт министрлігі көпшілікке арналған кітапхана қызметкерлерін Анкара қаласындағы Президент Әкімшілігіне қарасты Ұлттық кітапханада біліктілігін арттыруға жіберуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлаған. 


Оқыту шаралары аясында отандық кітапхана мамандары түрік кітапханаларының жұмысымен танысып, тәжірибе алмасады. Атап айтқанда, сирек басылымдар қорымен жұмыс істеу, реставрация тәжірибесі, кітапханадағы ақпараттандыру үрдісі, заманауи библиографиялық шаралар және т.б. бағыттар бойынша біліктілікті арттырады.


Бүгінде қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіп бойынша тиісті ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.



«Мәдениет және спорт министрлігі жыл сайын еліміздің мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің алыс және жақын шетелдерде біліктілікті арттыру шараларын ұйымдастырады. Осыған дейін мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың, музыкалық және драмалық театрлардың, костюм бутофориясы мен костюм аксессуарлары қызметкерлерін оқыттық. Бүгінгі күні қазақстандық кітапханалардағы сирек басылымдармен жұмыс істейтін және реставрация мамандарының біліктілігін арттыру аса маңызды болып отыр», - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45