Қазақстандық оқушы 3D тур-музей жасады

Қазақстандық оқушы 3D тур-музей жасады Сурет: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

3D мұражай 4 бөлімнен тұрады.


Абай облысының оқушысы Нұрәлі Амангелдиев қазақ халқының тарихындағы құқықтық дерек көздерін зерттеу мақсатында виртуалды 3D тур-музейін әзірледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Виртуалды әлемге кірген қонақты дыбыс гид қарсы алып, әр дәуірдегі дәстүрлі құқық пен сот жүйесінің қалыптасу жолымен таныстырады.


3D мұражай 4 бөлімнен тұрады:


Бірінші – "Ежелгі дәуірдегі Қазақстандағы дәстүрлі құқық және сот билігі"


Екінші – "Орта ғасырлардағы сот-құқықтық жүйе"


Үшінші – "Революцияға дейінгі кезеңдер"


Төртінші бөлім - "ҚР Тәуелсіздік жылдарындағы құқықтық және сот жүйесінің қалыптасуы мен дамуы" деп аталады.


Оқушының айтуынша, бұл жоба виртуалды кеңістікте қазақ тарихындағы құқықтық жүйенің сақ тайпасынан басталып, бүгінге дейінгі қалыптасу жол туралы ақпарат алуға болады. Осы саланы зерттеушілер үшін тиімді тәсіл.



"Виртуалды мұражайдың көмегімен бір нүктеден екінші нүктеге өтуге, алыс жерлерге қарауға, үлкейтуге немесе керісінше кейбір заттарды алыстатуға болады. 3D тур музейі - оқушылардың тарих пәніне қызығушылығын арттырады, құқықтық тақырыптарды меңгеруге пайдасын тигізеді. Зерттеудің қалыпты әдістеріне қарағанда жаңа формат оқушылардың ізденісін арттырады", – дейді Нұрәлі Амангелдиев.



Виртуалды мұражайдың тағы бір ерекшелігі - есту қабілеті төмен балалар үшін турды түсіндіретін сурдодаудармашы да бар. Оқушы дайындаған бағдарламаны Жазкент кентінің мектеп лицейінің педагогтері құқық негіздері пәнінде қосымша әдістеме ретінде қолданып, оң нәтиже берген. Нұрәлі Амангелдиевтің алдағы уақытта VR технологиясының көмегімен жаңа жобаларды жүзеге асырмақшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12