Қазақстандық фильм Лос-Анджелесте өткен фестивальде Гран-при алды

Қазақстандық фильм Лос-Анджелесте өткен фестивальде Гран-при алды Сурет: Egemen.kz

Әділхан Ержанов түсірген жаңа кинотуынды LA Asian Pacific Film Festival кинофестивалінде Гран-при жүлдесіне (Grand Jury Award for Best Narrative Feature) ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Фильмдегі оқиға Қаратас ауылындағы мектепте өрбиді. Білім ордасын басып алған белгісіз біреулер оқушыларды тұтқынға алып, оларды босату үшін ешқандай талап қоймайды. Қаладан көмекке шыққан құтқарушылар алай-дүлей соққан ызғарлы бораннан жете алмағандықтан, мектеп ұстазы Тазшы ата-аналардың басын қосып, балаларды босатуға бел буады.


Фильмдегі басты рөлдерді Азамат Нығманов, Александра Ревенко, Берік Айтжанов, Данияр Алшынов, Нұрлан Батыров, Теоман Хос, Еркен Губашев және Ерден Телемісов сомдайды. «Штурм» – ресейлік LOOKFILM және FORESTFILM компанияларының қолдауымен ShortBrothers продюсерлік компаниясы түсірген Қазақстан мен Ресейдің бірлескен туындысы.


Сондай-ақ жобаны жасауға «Қазақфильм», Cinerental киностудиясы және әйгілі Nomad Stunts каскадерлер тобы атсалысты.


Естеріңізге сала кетсек, сәуір айында аталған фильм Францияда өткен Festival international du Film Policier Reims Polar кинофестивалінде Гран-при және сыншылардың жүлдесімен марапатталған болатын.


Фильмнің сценаристі және режиссері Әділхан Ержанов. Продюсерлер: Серік Әбішев, Ольга Хлащева, Александр Плотников, Борис Хлебников, Наталья Дрозд, Анна Тихонова, Абылайхан Әшімов, Жайдарбек Күнғожинов. Қоюшы оператор Айдар Шәріпов. Қоюшы суретші Ермек Өтегенов. Композиторы Ғалымжан Молданазар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45