Қазақстандық дзюдошы Бауыржан Нарбаев финалға шықты

Қазақстандық дзюдошы Бауыржан Нарбаев  финалға шықты Сурет: Lada.kz

Ол финалда украиналық Артем Лесюкпен кездеседі.


Тель-Авивте (Израиль) дзюдодан әлемдік «Grand Slam»  жарысы өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық дзюдошы Бауыржан Нарбаев финалға шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап.


60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол финалда украиналық Артем Лесюкпен кездеседі.


Сондай-ақ, дәл осы салмақ дәрежесінің қола жүлдесін Мағжан Шамшадин сарапқа салады. Оның жұбаныш финалындағы қарсыласы әзірбайжандық Карамат Гусейнов болады.


Ерлер арасында 66 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ғұсман Қырғызбаев та қола жүлде үшін күреседі. Оның қарсыласы Украина спортшысы Богдан Ядов болмақ.


Айта кетерлігі, 66 келіде татамиге шыққан Елдос Сметов жарыстың екінші белдесуінде қарсыласына жол берді.


Финалдық бәсекелер елорда уақытымен 21:00-де басталады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14