Қазақстанда мұрағат үшін мамандандырылған ғимараттар жеткіліксіз

Қазақстанда мұрағат үшін мамандандырылған ғимараттар жеткіліксіз Сурет: Mk-kz.kz

Мәдениет және спорт министрлігі мемлекеттік мұрағаттар үшін ғимараттардың жетіспеушілігі мәселесін қозғады


Еліміз бойынша 229 мемлекеттік мұрағат жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 



«Бұл ретте мемлекеттік мұрағаттардың типтік мамандандырылған ғимараттарының жетіспеушілігі байқалады, олардың үлесі тек 14,7%-ды құрайды», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев ведомствоның кеңейтілген отырысында.



Министрдің айтуынша, жүргізілген талдау республика бойынша 128 нысан салу қажеттігін анықтады.


Ол жетекшілік ететін вице-министрге жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп мұрағат қоймаларының көлемін ұлғайту мәселесін пысықтауды тапсырды.



«Сонымен қатар, негізгі сервер істен шыққан жағдайда «Е-мұрағатты» резервтік серверлермен қамтамасыз ету мәселесін бақылауға алу қажет. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың ұлттық және өңірлік мұрағаттармен өзара іс-қимыл проблемасы бар. Жүйелерді біріктіру ресми түрде жүзеге асырылды, бірақ іс жүзінде ол толық жұмыс істемейді. Бұл - ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Мен оны жеке бақылауымда ұстаймын», - деді Дәурен Абаев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54