Қазақстанда қанша мектеп салынады?

Қазақстанда қанша мектеп салынады? Сурет: ашық дереккөз

2026 жылға дейін Қазақстанда 370-ке жуық мектеп салынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Жайлы мектеп» білім беру саласындағы ұлттық жобасы аясында 2026 жылға дейін қалаларда және қарқынды дамып келе жатқан елді мекендерде оқушы орындарының ағымдағы және болжамды тапшылығын жабу үшін 740 мың оқушыға арналған 369 мектеп пайдалануға беріледі», - делінген Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінде.



Атап айтқанда, 2023 жылы екі ауысымда 461 мың оқушы орынға 217 мектептің құрылысын бастап, 2024 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Ал 2024 жылы екі ауысымда 279 мың орынға 152 мектептің құрылысын бастап 2025 жылы тапсыру ескерілген..


Бұдан бұрын хабарланғандай, жайлы мектептерде электронды кітапхана болады.


Бұған дейін «Жайлы мектеп» жобасын жүзеге асыруға 2,6 трлн теңге бөлінетіні хабарланған болатын. Ең көп «жайлы мектептер» Алматы, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Шымкент, Астана және Алматы қалаларында салынады. Қалған мектептер шағын қалаларды қоса алғанда, тұтас Қазақстан бойынша біркелкі бөлінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14

04:35

15:15

15:02

14:12